Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда демалыс орындарының тазалығын бақылайтын рейд басталды

2020 жылдың 25 шілде 2020 10:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында адамдар жиі демалатын орындардың экологиялық ахуалы мен табиғи тазалығын бақылайтын республикалық рейд өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, соңғы кезде елімізде қоршаған ортаға деген адамдардың теріс қарым-қатынасына қатысты Президент үлкен сын айтқан болатын. Оның ішінде Көбейтұз оқиғасы, Каспийдегі итбалықты жәбірлеу, Алматы облысында лотосты жұлу және тағы басқа жайттарды атауға болады. Мемлекет басшысы орын алған оқиғаларға қатысты адамдардың экологиялық мәдениетінің төмендігін айта келе, осы бағытта жұмыс істеу керектігін нақты тапсырды. Осы орайда біздің министрлік Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, демалыс орындары мен басқа да адамдар жиі демалатын мекендерге рейдті бастадық. Ондағы мақсат – қоқыс үйінділері орындарын анықтап, оларды жою», - дейді министрлікке қарасты экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов.





Республикалық тазалық рейдінің алғашқы сапары Бурабайдан басталды.

«Бурабай - еліміздегі халық жиі демалатын орындардың бірі. Бұл жерге бір демалыстың өзінде 50 мың адамға дейін келеді. Әрине, оның бәрі емес, дегенмен көбі соңынан көп қоқыс қалдырып кетеді. Бурабайдың қоқыс қалдығы бойынша басты проблемасы - бұл жерде санкцияланған қоқыс полигоны жоқ. Одан бөлек, кей демалыс орындары қоршаған ортаға зиян келтірмеу принципін ұстанбайды. Бұл бағытта бүгінде әкімдік мәселені шешу жағын қарастыруда. Сондықтан бұл экорейд жаз бойы жалғасады», - дейді ол.

Рейд барысында еліміздің барлық өңірлері бойынша демалыс орындары мен өзен, көл, таулы аймақтардың тазалық жағдайы тексеріліп, сол жерде тиісті шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, бұл шараға құзырлы органдар мен жергілікті атқарушы органдардың жауапты мамандары тартылады

























































































Жоғары қарай