Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда дала өрті жиілеп кетті

2020 жылдың 25 маусым 2020 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республика аумағында өрттің қауіпті кезеңінде 267 орман және 13 дала өрті тіркелді. Сондай-ақ, 1500 дала алқабы өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда орман және дала өртінің саны сәйкесінше 21%-ға (221) және 86%-ға (7) артты, ал дала алқаптарының өртке орануы, керісінше, 20%-ға (1 869) азайды.

Өрттің негізгі шығу себебі - адам әрекетінен болып отыр. Табиғи фактор өте сирек кездеседі.

Өрттің басым бөлігі ауыл шаруашылығындағы өрттерден, көлік құралдары сөндіргіштерінің ұшқынынан, қоқысты жағудан, демалыс орындарында қараусыз қалған оттан, жанып жатқан сіріңкені лақтырудан, сөндірілмеген темекіден, тастап кеткен шыны сынықтарынан тұтанады. Күн шыққанда шыны жарықшақтары күн сәулесімен шағылысып, тұтанады.

Орман және дала алқаптары мен демалыс орындарында өрттің алдын алу мақсатында 3 мыңнан астам рейд жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 596 адамға 2 млн тг айыппұл салынып, жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, орман және дала алқаптарындағы өрт ошақтарын дер кезінде анықтау үшін авиациялық патруль жүргізіліп жатыр.


Жоғары қарай