Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда браконьерлікке қатысты 117 қылмыстық іс қозғалған

2020 жылдың 29 қазан 2020 23:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері браконьерлік фактісі бойынша 117 қылмыстық іс, 6066 әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда қоғам белсенділері мен экобелсенділердің қызу талқысында жүрген тақырыптың бірі – браконьерлік. Заңсыз аң аулап, табиғат пен мемлекетке өлшеусіз шығын мен қатер келтірушілерге қарсы күрес жыл он екі ай бойы үздіксіз жүргізілуде. Десе де биылғы 10 айда браконьерлік фактісі бойынша 117 қылмыстық, 6066 әкімшілік іс қозғалып үлгерген», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Биыл да браконьерлікпен күресті жалғастыру үшін мемлекеттік бюджеттен 845 012 млн теңге қаржы бөлінген. Сонымен бірге инспекторлар үшін 10 КамАЗ көлігі, 9 Toyota Land Cruiser автокөлігі, 2 Toyota Corolla автокөлігі сатып алынған.

«Бұл шаралар браконьерлікпен күреске үлкен серпін беретіні сөзсіз. Браконьерлікті жеңу үшін онымен күресу аздық ететінін ескеру керек. Сондықтан Комитет тарапынан қоғаммен жұмыс та белсенді түрде жүргізілуде», - дейді комитет.


Жоғары қарай