Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда биыл 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 09:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда биыл 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандық азаматқа вакцина салу көзделген. Вакциналардың сапасын қамтамасыз ету үшін өндірушіден медицина ұйымдарына дейін арнайы стандарт жауапкершілік жүктелетін азаматтарды белгілейді», - деді деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Вакцинаны жеткізу легі 4 кезеңнен тұрады.

• Бірінші кезең - өндірушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына дейін жеткізу;

• Екінші кезең – бірыңғай дистрибьютордың қоймасынан Денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасына дейін жеткізу;

• Үшінші кезең - денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасынан аудандар мен қалалардың медицина ұйымдарына дейін жеткізу;

• Төртінші кезең – медицина ұйымдарында осы вакциналарды сақтау.

Айта кетейік, бұған дейін министр вакцина 1 ақпаннан бастап егілетінін және ең алдымен кімдерге салынатынын айтқан болатын.


Жоғары қарай