Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда бір айда жылдық инфляция 0,7%-ға өскен

2021 жылдың 19 шілде 2021 13:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маусым айында Қазақстандағы жылдық инфляция 7,9%-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банк маусым айындағы инфляциялық көрскеткіштер туралы ақпарат жариялады. Ол бойынша, маусымда инфляция 1,1% болған. Мамыр айында бұл көрсеткіш 0,7% болған еді. Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 1,7%-ға (мамырда – 0,8%), азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 0,8%-ға (мамырда – 0,6%), қызметтер ақысы 0,7%-ға өскен (мамырда – 0,7%).

«Жылдық инфляция 7,9% құрады (мамырда – 7,2%). Өңірлер бойынша айлық инфляцияның жеделдеуі 14 өңірде, баяулауы 2 өңірде байқалып, 1 өңірде бағаның өсу қарқыны өзгеріссіз қалды. Маңғыстау облысында бағаның өсу қарқыны өзгеріссіз қалды (1,0%), ал Жамбыл және Түркістан облыстарында 0,8% және 0,9%-ға дейін баяулады. Маусым айында инфляцияның ең жоғары ұлғаюы Шығыс Қазақстан (1,5%), Атырау (1,5%) және Солтүстік Қазақстан (1,4%), облыстарында орын алды. Жылдық инфляция 9 өңірде жалпы республикалық деңгейден жоғары болды», - деп жазылған Ұлттық банк дерегінде.

Әсіресе Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтыну абғасының индексінің өсуіне қосып отырған үлесі елеулі болып тұр. Бұл өңірлерде бағаның өсуі 7,4% және 7,7% болған.

Былтырғы жылдың маусым айымен салыстырғанда елде азық-түлік тауарлары 10,6%-ға қымбаттаған.

«Ең төменгі өсу Нұр-Сұлтан қаласында (8,6%), ең жоғары өсу – Қарағанды (12,3%), Атырау және Шығыс Қазақстан (11,8% дан) облыстарында байқалды. Ел бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 6,9%-ға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының ең жоғары өсуі Нұр-Сұлтан қаласында (7,7%), ең төмен өсуі – Павлодар және Жамбыл облыстарында тіркелді (сәйкесінше, 5,9% және 6,2%). Елімізде ақылы қызметтер 5,6%-ға (мамырда 5,1%-ға) қымбаттады, Ақтөбе облысында бағаның өсуі 8,8% құрады, Қарағанды облысында ақылы қызметтер бағасы айтарлықтай төмен қарқынмен өсті (4,5%)», - делінген Ұлттық банк мәліметінде.

Басты сөздер: Инфляция, ҚР Ұлттық банкі,
Жоғары қарай