Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда базалық мөлшерлеме 9% дейін төмендеді

2020 жылдың 20 шілде 2020 15:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 9% деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 10,5% және өтімділікті алу бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 7,5% болады.

«Базалық мөлшерлеменің төмендеуі ағымдағы жылғы мамыр-маусымдағы болжамдық раунд шеңберінде күтілгенге қарағанда 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта проинфляциялық тәуекелдердің әлсіреуіне және экономикалық белсенділіктің барынша күшті қысқаруына негізделді. Карантинді қатаңдату бойынша қабылданған шаралар қосымша дезинфляциялық әсер етеді. Бұл ретте базалық инфляция (trimmed mean) және 2020 жылғы маусымдағы медиандық инфляция барынша қалыпты серпінді, тиісінше 6,1%-ды және 4,4%-ды көрсетеді. Жыл басынан бастап біртіндеп жеделдеуді (2019 жылғы желтоқсанда – тиісінше 5,2% және 4,3%) атап өткен жөн, бірақ, бұл ретте, базалық инфляция көрсеткіштері инфляцияның монетарлық құрауышының барынша қалыпты өсуі туралы белгі бере отырып, жалпы инфляциядан баяу өседі» деп мәлім етті Ұлттық банк.

Долларландырудың өсу тәуекелдері айтарлықтай төмендеді, бұл мөлшерлемені төмендету үшін әлеуетті кеңейтті. Теңге активтерін қорғау бойынша жедел шаралар нәтижесінде ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша депозиттерді долларландыру алдын ала деректер бойынша 43,1%-дан 40,0%-ға дейін төмендеді, бұл базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігіне де ықпал етеді.

Дәліздің тарылуы қаржы нарығындағы ахуалдың тұрақтануынан және экономиканың жаңа жағдайларға біртіндеп бейімделуінен туындады. Бұл шешім ақша нарығының мөлшерлемелерін базалық мөлшерлемеге жақындатуға мүмкіндік береді, ақша нарығы мөлшерлемелерінің құбылмалылығын төмендетуді қамтамасыз етеді және нарыққа қатысушыларда барынша тұрақты күтулерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Базалық мөлшерлеменің жаңа деңгейі кредиттердің құнын төмендете отырып, өсірілген кредиттік тәуекелдерді белгілі бір дәрежеде өтеуге мүмкіндік береді.

Бұл шешім Қазақстан экономикасына карантинді күшейту жөніндегі шаралар салдарының ықпалын реттеуге мүмкіндік береді және Қазақстан экономикасының өсуін қалпына келтіру процесін қолдайды.


Жоғары қарай