Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда байланыс сапасын жақсартатын жылжымалы кешендер сатып алынады

2020 жылдың 16 қазан 2020 12:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Байланыс сапасын мониторингілеу бойынша 17 жылжымалы өлшеу кешені сатып алынуда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернет сапасына халықтық бақылау жүргізу үшін Bailanys bar сервисі (https://bailanys.bar/kk/internet/speedtest) іске қосылды. Кез келген азамат смартфон арқылы интернет кемшіліктерін бізге оңай түрде жолдай алады. Қазіргі уақытта тексеру бойынша 50 мыңнан астам адам аталған сервисті пайдаланды», - деді министр цифрландыру тақырыбы бойынша Сенатта өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік бақылау мақсатында байланыс сапасын мониторингілеу бойынша 17 жылжымалы өлшеу кешені сатып алынуда.

«Бұл бағытта Премьер-Министр қолдау білдірді. Жылдың соңына дейін осы кешендерді сатып аламыз. Осы орайда халықтық және мемлекеттік бақылаудың деректері бірыңғай жүйеге жинақталатын болады, бұл одан әрі операторлармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деді Б. Мусин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр елімізде интернеттің сапасына қатысты түсінік берді.

«Неге интернет әлсіз? Бұған қатысты бірнеше себеп бар. Біріншіден, бізде интернет сапасы бойынша қатаң заңнамалық талаптар жоқ. Екіншіден, телекоммуникация желісінің 90 пайызы радиорелелік желіде және әуе байланыс арналары бойынша салынған», - деді Бағдат Мусин.


Жоғары қарай