Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда балалар лагері жетіспейді

2022 жылдың 17 мамыр 2022 13:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жазғы лагерьлердің жетіспеушілігі бар. Бұл туралы ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздегі статистика елімізде лагерьлердің жетіспейтіндігін көрсетеді. Осы мәселені шешу мақсатында 2020-2023 жылдарға арналған қала сыртындағы лагерьлер желісін кеңейтудің 5 бағыттан 54 тармақтан тұратын жол картасын әзірлеу қолға алынды. Соңғы екі жыл бойы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрылыс жұмыстары біршама тежелді», - деді Есенғазы Иманғалиев Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиынында.

Оның айтуынша, бүгінде ел аумағындағы 5 лагердің жөндеу жұмысы тоқтап тұр.

«Жаңадан 5 лагерь ашу жоспарланған. Оның ішінде бүгінде Қызылорда облысында 2 лагерьдің құрылысы аяқталып, жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ал құрылысы Атырау облысында жоспарланған 3 лагерь бойынша жұмыс тоқтап тұр. Сонымен қатар 6 лагерьді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жасалды. Атап айтқанда, Ақмола облысы 2 лагерь, Қызылорда 1 лагерь және инвесторлардың есебінен СҚО-да 3 лагерьдің қайта жөнделді», - дейді ол.

Спикер келтірген мәліметке сәйкес, биыл жазғы сауықтыру науқанына жұмсалатын қаржының көлемі 4,53 млрд теңгені құрайды.


Жоғары қарай