Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 12:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу – бұл жастарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене шынықтыру дайындығын анықтау үшін тиісті жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары. «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде Қазақстанда биыл он жеті жасқа толған азамат әскерге шақыру учаскесіне тіркелуі тиіс» деп мәлім етті министрліктен.

Тіркеу кезеңінде жастармен әңгімелесу, әскери қызметке жарамдылығын растайтын медициналық тексеру жүргізіліп, қажетті құжаттар тексереді. Егер тіркеу процесінде емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаж әскерге шақырылушыларды анықтаса, онда оларды емдеу-алдын алу ұйымдарына тіркейді.

Әскери есепке алғаш рет тұрған азаматтармен қорғаныс істері жөніндегі басқармаларда (бөлімдерде) Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары бойынша үгіт жұмысы жүргізіледі және келісімшарт бойынша әскери қызметтің перспективалары түсіндіріледі.

Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу ағымдағы жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін жалғасады. Қазақстан бойынша әскерге шақырылушыларды әскери есепке 100 000-ға жуық адамды қабылдау жоспарланып отыр.


Жоғары қарай