Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда авторлық құқықты тіркеушілер көбейді

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 16:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет органдарының тауар таңбаларына құқықтарды қорғау бойынша тексеру қызметі аясында 236 құқық бұзушылық анықталды, айыппұл сомасы 14 млн теңгеден асты. Бұл туралы бүгін Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпаратт тілшісі.

Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу статистикасы 2019 жылы тауар белгілерін халықаралық тіркеуді қоса алғанда, өнеркәсіптік меншік объектілеріне 11 679 қорғау құжатын құрады. Авторлық құқық саласында 6 184 куәлік тіркелген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 43 пайызға артық (4 314).

Белгілі болғандай, заңсыз айналымнан жалпы сомасы 22 млн теңгені құрайтын 31 мыңнан астам контрафактілік өнім алынды.

2019 жылы апелляциялық алқаның шығарылған шешімдерінің 90 пайызы сотқа дейінгі қарау сатысында сот органдарына одан әрі шағымданусыз шешілді.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы мамырда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында авторлардың құқықтарын аумақтық қамтамасыз етуге бағытталған Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімі ратификацияланды.

2019 жылғы қыркүйекте Еуразиялық патенттік ведомствосымен бірлесіп, Еуразиялық кеңістікте бірыңғай өнеркәсіптік үлгіні қорғаудың өңірлік жүйесін құру мақсатында 1994 жылғы Еуразиялық патенттік конвенцияға Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға қол қою бойынша дипломатиялық конференция өткізілді.


Жоғары қарай