Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 09:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар 4 тасжолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен-Риддер-РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырымы аралығында (Белоусовка-Риддер) тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалыс шектелген. Өскемен- Шемонаиха - РФ шекарасы тасжолының 15-105 шақырымы аралығында (Глубокое-Шемонаиха) тіркемесі бар және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне жолда жүруге тыйым салынды. Семей-Қайнар тасжолының 8-144 шақырымы аралығында (Семей-Саржал), Өскемен- Шемонаиха - РФ шекарасы тасжолының 105-123 шақырымы аралығында (Шемонаиха- РФ шекарасы) жол жабылды.

Ведомствоның ақпараты бойынша, республикалық маңызы бар тасжолдарда 773 техника жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолының 17 шақырымынан (Сазды ауылы) - 190
шақырымына дейін («Ақтөбе-Астрахан» тас жолы) барлық автокөлік түріне қозғалыс тоқтатылды.

Төтенше оқиғаға тап болған жүргізушілер 1403 нөміріне байланыса алады.

Еске салайық, синоптиктердің болжауынша бүгін Қазақстанда қар жауып, бірқатар өңірде боран және көктайғақ болады .


Басты сөздер: Көлік, Ауа райы, Қоғам,
Жоғары қарай