Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда атом саласы қызметкерлері күні аталып өтуде

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 08:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 қыркүйекте Қазақстанда атом саласының қызметкерлері күні аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атом өнеркәсібіндегі қызметкерлер күнін бекіту туралы қаулыны ҚР Президенті 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 4-бабына сәйкес 2008 жылдың 12 мамырында шығарды.

Қазақстанның мерекелер күнтізбесінде атом саласы қызметкерлері кәсіби мерекесінің пайда болуы аталмыш саланың еліміздің экономикасының дамуындағы маңызды рөлін көрсетеді. Бүгінгі күні атом өнеркәсібі – республикадағы ғылымды қажетсінетін және тиімді салалардың бірі.

Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында әлем тәжірибесіне сәйкес, ең тиімді шешім бейбіт атом делінген. Президент бір жылдың ішінде Қазақстандағы қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасының даму мүмкіндіктерін зерттеуге тапсырма берген. Қазақстанға атом электр станциясы керек пе деген сұрақ қазақстандықтарды алаңдатады. Алайда бұл сұрақтың нақты жауабы әлі күнге дейін белгісіз.

Атап өтейік, бірнеше күн бұрын Венада Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас конференциясының жыл сайынғы 65-ші сессиясы өтті. Шараға Қазақстанның өкілдері де қатысты.


Басты сөздер: Қоғам, Энергетика,
Жоғары қарай