Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі жетілдірілмек

2021 жылдың 29 желтоқсан 2021 12:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасында әскери қызмет өткеруді және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін, әскери қызметшілерді, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігін жетілдірумен байланысты нормалар көзделіп отыр.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың айтуынша, осы бағытта үш заңға түзету енгізіледі. «Тұрғын үй қатынасы туралы» заңда мыналар қарастырылған:

- бірінші - қайтыс болған әскери қызметшінің, арнаулы орган қызметкерінің отбасы мүшесіне қызметтік баспананы жекешелендіру, ақшалай өтемақы алу, айырбастау құқығын беру;

- екінші - қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша немесе өтеусіз жекешелендіру;

- үшінші – қызметтік үймен екі рет қамтамасыз етуді шектеу;

- төртінші – «модульді тұрғын үй» ұғымын енгізу.

«Қарулы күштер, басқа да әскер мен әскери құрылым үшін «модульді тұрғын үй» ұғымы алғаш рет енгізіледі. Бұл - жылдам қажет болған кезде тұрған жерін ауыстыруға болатын тұрғын үй. Оларды сатып алу қысқа уақытта әскерді тұратын орынмен қамтамасыз етуге, ал геосаяси жағдай өзгергенде оларды осы үймен бірге басқа жерге шығынсыз көшіруге мүмкіндік береді», - деді Д. Тұяқов.

«Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» заңда:

- әскери қызметшінің құқықтары мен міндеттерін кеңейту – заң жобасында әскери қызметшіге арнаулы орган қызметкеріне ұқсас құқық беру, міндеттер жүктеу ұсынылады;

- аттестаттау кезінде полиграфологияны жүргізу;

- әскери қызметтің үздіксіз болуын белгілеу ескерілген.

«Заң жобасында әскери қызметші қызметтен шығарылған күннен бастап оны қайтадан қызметке алғанға дейін үш айдан аспаса, осы уақытта еңбек қатынасы болмаса, оның әскери қызметі үздіксіз деп танылады», - деп түсіндірді ол.


Жоғары қарай