Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Қазақстанда арнаулы жиынға қатысушыларға әскери шен беріледі

2020 жылдың 10 сәуір 2020 17:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда арнаулы әскери жиын қатысушыларына әскери шен беріледі. Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнаулы жиынға шақырыған әскери қызметшілер блокбекеттерде тапсырмаларды орындайды. Олар санитарлық-эпидемиологиялық өңдеу жұмыстарына тартылады. Бір бөлігі, тиісінше жедел штабтар құрамында жұмыс істейді. Бұл әскерилер жедел штабта, блокбекеттер мен саниатрлық өңдеу бойынша жұмыс істеген адамдарды алмастыра алады», - деп түсіндірді Серік Боранбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, спикер Төтенше жағдай кезіндегі арнаулы жиындардың 3 айға дейін созылатынын еске салды.

«Бірақ, бұл жағдайда жиын мерзімі әкімдіктердің шешіміне, олардың алдында тұрған міндеттерге байланысты болады», - деді С Боранбаев.

Еске сала кетейік, 2 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған еді.



Жоғары қарай