Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда әрбір 36-шы өртте 1 адам қаза табады

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 10:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда әрбір 36-шы өртте 1 адам қаза табады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайлар министрлігі әлемнің ең дамыған елдеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесін зерделеп, әлемдік өрт статистикасын сараптады. Ғылыми зерттеулер өрт кезіндегі адам өлімі әдетте ол туындағаннан кейін 5-6 минуттан соң орын алатындығын көрсетіп отыр. Егер Қазақстан Республикасында әрбір 36-шы өртте адам өлімі тіркелсе, АҚШ- бұл көрсеткіш 10 есе төмен, 360 өртте бір адам өледі. Ұлыбританияда 14 есе, Францияда 27 есе аз»,- деді министр.

Оның атап өтуінше, өрт кезінде шұғыл әрекет ету уақытын қысқарту үшін өртке қарсы қызмет нысандары желісі көбейтіліп жатыр.

«Өрткен қарсы қызметтің 18 нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның үшеуі республикалық бюджет, ал 15-і әкімдер есебінен салынуда. Мұнан бөлек, 9 дайын жоба бар. Олардың жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау аяқталған», - деді Юрий Ильин.


Жоғары қарай