Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2022 жылдың 15 мамыр 2022 11:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен аптада мерекелік демалыстар болды, әйтсе де елорда мен өңірлерде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апта басында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Ерұлан Жамаубаев сайланды. Бұл қызметке ол Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың орнына келді.

Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы «стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық бизнес мектебін бітірген. Сондай-ақ, халықаралық қаржы ұйымдарында және Батыс елдерінің орталық (ұлттық) банктерінде макроэкономикалық және қаржылық саясат, ақша-несие саясатының стратегиясы және оны Еуропалық орталық банкте жүзеге асыру ерекшеліктері, макроэкономикалық менеджмент, қаржылық нарықтық құралдар, қаржылық тұрақтылық бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан (тәжірибеден) өтті.

Еңбек жолын 1996 жылы стажер-оқытушы, кейін Қазақ мемлекеттік басқару академиясында оқытушы болып бастады. 1998 жылдан - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жетекші сарапшы, бас сарапшы, бас сарапшы маман, бөлім бастығы, Ғылыми-зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары, 2006 жылдан - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Үйлестіру департаментінің директоры. 2014 жылдан - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры, 2015 жылдың шілдесінен - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 11.2015 жылдан бастап - Әлеуметтік-тұрмыстық сектор бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Экономикалық мониторингі, 11.2018 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, 03.2019 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы, 05.2020 жылдан – Қаржы министрі. 01.2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы, 29.03.2022 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі қызметіне қайта тағайындалған.

Сонымен бірге, Семей қаласында «Abay Media Group» медиахолдингі ашылды. Жаңа ақпараттық ұйымның басшысы болып Мирас Малғаждаров тағайындалды.

Ол осыған дейін Өскемендегі «Шығыс Ақпарат» ЖШС басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. «Abay Media Group» ЖШС құрамына abaiaqparat.kz, abaynews.kz, semeynews.kz интернет порталдары, «Semeystan», «Типичный Семск», «Semey Life», «Semey Public», «Semey 24», «АБАЙ АҚПАРАТ» сынды интернет жобалары кіреді. Сондай-ақ, «Content analytics», IT жобаларды құрастыру және басқару, мобилография саласын дамыту бөлімдері мен «Әлеуметтік талдаулар жүргізу орталығы» бар.

Өңірлер бойынша, Қызылорда облысында бірқатар басқармаларға басшы тағайындалды.

Қалдарбеков Мұса Оспанұлы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. М. Қалдарбеков 1972 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы технологиялық институтын инженер-механик, экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Кентау тігін фабрикасының слесарі ретінде бастап, Алматы қаласындағы «Кереге» кәсіпорнында басшылық қызмет атқарған. Әр жылдары Алматы қаласының Әуезов, Жетісу және Алатау аудандарының салық комитетінде жауапты қызметтер атқарды. Салық саласының майталманы ретінде әр жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары бойынша департаменті басшысының орынбасары болды. 2019-2021 жылдары Қармақшы ауданының әкімі, 2021 жылдан бері Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Ал Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасына Шәменов Бауыржан Серікұлы басшылық қызметке келді. Бауыржан Шаменов 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Құқық және нарық академиясын бітірген. Еңбек жолын «Рух» заң компаниясының заңгері ретінде бастаған. Әр жылдары облыстық қазынашылық департаменті мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша басқармасында жауапты қызметтер атқарған. 2008-2013 жылдары облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болған. 6 жылдан астам облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары лауазымында, 2019 жылдан бастап осы аталған басқарманың басшысы болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Айдос Дәрібаев тағайындалды.

А. Дәрібаев 1987 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтын, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын «KEGOC» (КЕГОК) акционерлік қоғамының инженері болып бастаған. Әр жылдары Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының Сырдария, Қазалы аудандық, Қызылорда қалалық электр тораптарының директоры қызметтерін атқарды. 2014-2018 жылдары Еуразия экономикалық комиссиясы Энергетика департаментінің консультанты, Алматы, Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болды. Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры ретінде жұмыс істеді.

Апта соңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы болып Ерхан Тәткен тағайындалды.

Ерхан Тәткен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының Павлодар облыстық филиалында редактор-жүргізуші қызметінен бастаған. Одан кейін «Хабар» агенттігінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар, ҚР Қоғамдық даму министрліктерінде жұмыс істеді. Ал 2020 жылдан 2022 жылдың ақпанына дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде баспасөз хатшы болып қызмет атқарды.






Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Тағайындау,
Жоғары қарай