Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2021 жылдың 25 шілде 2021 14:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы апта ішінде елімізде бірнеше кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апта басында Павлодар облысының әкімдігінде бірнеше тағайындау болды. Атап айтсақ, облыс орталығы - Павлодар қаласының әкімі болып Асайын Байханов тағайындалды.

Асайын Байханов 1978 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді.

2000 жылы жоғары білім алғаннан кейін еңбек жолын банк секторында, Еуропалық қайта құру және даму банкінде (ЕҚҚДБ) Қазақстанда өткізген бағдарлама бойынша бастады. Екібастұзда несиелік эксперттің тыңдаушысынан ЕҚҚДБ-нің Алматыдағы бас кеңсесінің жаңа банк өнімдерін енгізу бөлімінің басшысына дейін өсіп, сонымен бірге ЕҚҚДБ Қазақстан және шет елдерде өткізген семинарларында көпсатылы оқу бағдарламасын меңгерді.

2003–2007 жылдары Асайын Байханов ProCredit Holding AG банк халықаралық банк холдингінде түрлі лауазымдар атқарды, оның ішінде Киевтегі «ПроКредит Украина» ЖАҚ басқарды.

2007 жылы А. Байханов Қазақстанға оралып, «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалып, филиалдар желісін кеңейту мен шағын және орта бизнесті, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы несиелендіруді дамыту бағыттары үшін жауапты болды.

2009 - 2015 жылдары Асайын Байханов ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікпен айналысты: Алматыда және Алматы облысында мал және өсімдік өсіру, логистика және жүк тасымалдау бойынша бірқатар сәтті жобаларды жүргізіп, дамытты.

2015 - 2020 жылдары А. Байханов «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамындағы «ҚазАгроӨнім» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. Осы мерзім ішінде ауыл шаруашылығы саласының түрлі мемлекеттік бағдарламаларын талқылау және өзгерту, сондай-ақ, агроөнеркісіп өнімдерін экспортқа шығарудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі және жетекшісі болды.

2020 жылдың наурыз айынан бастап соңғы тағайындалуына дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, ауыл шаруашылығы, ауылды аймақтарды дамыту, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, жер қатынастары және т.б. мәселелер үшін жауапты болды.

Сондай-ақ, Павлодар ауданына да жаңа әкім келді. Ержан Иманслямды жергілікті активке облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды.

Ержан Иманислям 1972 жылы Павлодар облысында туған.

Еңбек жолын 1987 году Қашыр ауданының Калиновка селосында, құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастады.

1994 – 2000 жылдар аралығында Ержан Иманслям Қашыр ауданының ішкі істер бөлімі мен прокуратурасында түрлі қызметтер атқарды.

2005 – 2008 жылдары Қашыр ауданының әкімшілігінде қызмет етіп, оның ішінде әкім аппаратын басқарды.

2008 – 2011 жылдары Е.Иманслям Ақсу қаласының әкімдігінде жұмыс істеп, оның ішінде қала әкімінің орынбасары болды.

2011–2013 жылдары Ержан Иманслям Павлодар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі,

2013–2014 жылдары – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарына тағайындалған.

2017 жылдан кейін Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп, индустриялық-инновациялық даму басқармасында лауазымдар иесі болып, Тайынша ауданының әкімі қызметін атқарды.

2017–2020 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қызметтер атқарып, оның ішінде машина жасау басқармасының басшысы болды.

2020 жылдың шілдесінде Павлодар қаласының әкімі қызметіне тағайындалған.

Ал Ақтөбеде облысында ветеринария басқармасының басшысы қызметіне Құсайын Сәрсембай тағайындалды.

Сәрсенбай Ескендірұлы 1961 жылы қараша айында дүниеге келген.

Еңбек өтілін 1984 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты Тоғыз совхозында мал дәрігері болып бастады.

Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты Тоғыз ауылдық округінің әкімі, мал шаруашылығы бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды.

2017 жылдың мамыр айынан бастап Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.

Оның орнына ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Исатай Еспағанбетов келді.

Исатай Бауыржанұлы Еспағанбетов 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілін 2006 жылы Мәртөк аудандық Экономика, бюджетті жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2008-2018 жылдар аралығында Мәртөк ауданында сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, Байторысай ауылдық округінің әкімі, жер қатынастары бөлімінің басшысы, Мәртөк ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды. Жаңа қызметке тағайындалар алдында Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болды.

Атырау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ауысты. Бұл қызмекте азаматтық қорғау полковнигі Битаев Сәбит Кенжеханұлы тағайындалды.

Сәбит Кенжеханұлы 1976 жылы 14 қазанда туған.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін өрт қауіпсіздігі технигі мамандығы бойынша, ал 2001 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жедел бөлімінің инженері болып бастады.

2008 жылдан бүгінгі күнге дейінгі аралықта азаматтық қорғау органдарында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымында қызмет еткен Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Полиция генерал-майоры Алексей Калайчиди 1963 жылы 3 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік ауылында дүниеге келген.

1985 жылы Фрунзе политехникалық институтын «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша, 1990 жылы КСРО ІІМ Жоғарғы курстарын, 2008 жылы Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірген.

Қызметте жеткен жетістіктері үшін ІІМ басшылығымен бірнеше рет көтермеленген, «Құрмет» (2012), «Парасат» (2018) ордендерімен және 5 мерекелік медальмен марапатталған.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1990 жылдың сәуірінен Шымкент облысы Абай АІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі болып бастаған. 1990 жылдың сәуірі мен 2005 жылдың мамыры аралығында ішкі істер органдарында әртүрлі орта және аға басшылық құрам лауазымдарында қызмет атқарған.

2005 жылдың мамыры мен 2009 жылдың ақпаны аралығында Министрліктің орталық аппаратында басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

2005 жылдың мамыры мен 2006 жылдың ақпаны аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Заң басқармасының бастығы;

2006 жылдың ақпаны мен шілдесі аралығында – ІІМ Заң департаменті бастығының орынбасары; 2006 жылдың шілдесі мен қазаны аралығында – ІІМ Кадр жұмысы департаменті Жеке құрам жөніндегі инспекцияның бастығы;

2006 жылдың қазаны мен 2008 жылдың наурызы аралығында – Жамбыл облысы ІІД бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары болды.

2008 жылдың қарашасы мен 2009 жылдың ақпаны аралығында – ІІМ Заң департаментінің бастығы;

2009 жылдың ақпаны мен 2016 жылдың маусымы аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің инспекторы, сектор меңгерушісі, құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымында қызмет етті.

Ал 2016 жылдың маусымы мен 2019 жылдың қаңтары аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;

2019 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болды.

Бұл лауазымғаМемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан тағайындалды.

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев 1967 жылы 23 мамырда дүниеге келді.

1994 жылдан бастап құқық қорғау органдарында жұмыс істейді. Ішкі істер органындағы жұмысын жол полициясының патрульдік қызметі батальонының инспекторы лауазымынан бастады.

1997 жылдан бастап ҚР ІІМ жол полициясы басқармасында жұмыс істеді, сонымен қатар министрліктің орталық аппаратының департаменттері мен бөлімдерін басқарды.

2009 – 2019 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде басшылық лауазымдарда, соның ішінде алты жылға жуық қорғаныс және құқық қорғау бөлімінің бастығы болды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың наурызынан ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Қажмұқан Ахматдинұлы Бекмұқашев Геодезия және картография комитетінің төрағасы қызметіне кірісті.

Қажмұқан Бекмұқашев 1982 жылы Орынбор облысында (РФ) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке ұйымда заңгер лауазымынан бастаған.

2005-2006 жылдары — Ақтөбе облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту бөлімінің бас маманы.

2006-2011 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2011-2012 жылдары – Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының басшысы; ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің «МемжерҒӨО» РМК бас директоры орынбасарының м. а., Ақтөбе қаласы.

2012-2013 жылдары – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Геодезия, картография және геодезиялық бақылау департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы.

2013-2014 жылдары – ҚР Өңірлік даму министрлігі, Геодезия және картография басқармасының басшысы.

2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы.

2016-2019 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Геодезия және картография басқармасының басшысы.

2019 жылғы тамыз айынан қарашаға дейін –Геодезия және картография комитетінің Мемлекеттік геодезиялық бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы.

2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Геодезия және картография комитеті төрағасының орынбасары болды.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Қоғам, Тағайындау,
Жоғары қарай