Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда АЭА-ларға жеңілдік жасау тетіктері өзгереді

2022 жылдың 19 мамыр 2022 18:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арнайы экономикалық аймақтар жаңа талаптар бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеңілдік беру режимі жобаның әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне қарай ұсынылады. Бұрындары АЭА-лар 25 жыл қызмет етсе, осы 25 жыл ішінде инвесторлар салықтан босатылатын. Қазіргі талаптарға тоқталсақ, бұл енді жоба инвесторының іскерлігіне, жоба тиімділігіне, сондай-ақ қанша инвестиция салғанына байланысты болады. Мәселен, 5 млн теңге қаражат салса, алғашқы 5 жылда мемлекеттік қолдауға ие болады. Ал қомақты қаражатты инвестицияласа, онда қолдау көрсету мерзімі де ұзара береді. Яғни, қолдау іс-шараларын ұсыну бойынша сараланған қадамдар ескеріледі», - деді М. Қарабаев Сенатта өткен дөңгелек үстел отырысында.

Сонымен қатар ол жергілікті атқарушы органдар мен басқарушы компаниялардың жауапкершілігін бекіту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

«Осы мәселеге қатысты бірнеше тетікті ұсынған едік. Бірінші кезекте әкімдер жұмысының тиімділігі индикаторында Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту қалғаны дұрыс деп санаймыз. Бұл өз кезегінде басқарушы компаниялар бастапқы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін керек», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, екі жылда Қазақстанда Арнайы экономикалық аймақтар бюджетке 170,2 млрд теңге түсірді.


Жоғары қарай