Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 900-ге тарта бала коронавирустан емделіп жатыр

2020 жылдың 29 қараша 2020 16:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі 29 қарашаға арналған коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның арасында 895 бала бар.

Стационарларда 3 392 науқас жатыр. 9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар.

Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған.

32 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Жоғары қарай