Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда 8,7 млн адам коронавирусқа қарсы толық егілді

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 08:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 8 702 950 адам коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өтті, I компонентпен 9 136 288 адам егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вакцинация қарқыны жоғары өңірлер: Түркістан облысы (ІІ компонентпен 1 038 353 адам), Алматы қаласы (1 030 067), Шығыс Қазақстан облысы (904 186).

Сондай-ақ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сүйенсек, ел өңірлерінде «Pfizer» препаратымен толық егілген жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар саны 301 489-ға жетті. Вакцинаның I дозасын 564 154 адам алды.

Атап айтқанда,

І компонентпен егілді:

жасөспірімдер – 448 994;

жүкті әйелдер – 23 914;

бала емізетін әйелдер – 72 721.

ІІ компонентпен егілді:

жасөспірімдер – 245 411;

жүкті әйелдер – 14 741,

бала емізетін әйелдер – 41 326.


Жоғары қарай