Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 8,16 млн адам вакцина алды

2021 жылдың 25 қазан 2021 08:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 25 қазандағы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап..

25 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 168 114 адам салдырды, II компонентпен 7 329 137 адам егілді.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 986 974 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 926 752 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 962 838 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 863 661 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 853 984 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 741808 адам екінші бөлігін қабылдаған.





Басты сөздер: Коронавирус, Вакцина,
Жоғары қарай