Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Қазақстанда 6 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 5 наурыз 2019 20:09 788

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 6 наурызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 10.00-де Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында Астана қаласының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің 39-шы отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де №2 қалалық көпбейінді ауруханада Астанада дәрігерлер пневманияның ауыр түрінен аяғы ауыр әйелді қалай құтқарып алғаны туралы баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Сағат 11.00-де Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде еңбек қауіпсіздігі бойынша үйлестіруші кеңестің отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де Халықаралық әйелдер күні қарс

Сағат 11.00-де 8 наурыз -  Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Астана қ., Достық  көшесі, 11 «Конституция» залы) Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаевтың көп балалы аналармен кездесуі өтеді.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Халықаралық әйелдер күніне орай көп балалы, мүгедектігі бар әйелдерге, жалғыз басты, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар қатарына кіретін 100 анаға «Sa belle» сән үйі әзірлеген сыйлықтар табысталады.

Сағат 17.00-де  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқмарма төрағасы Ғалымжан Олжаұлы Пірматовтың қатысуымен Қоғамның 2018 жылдағы қаржылық қызмет қорытындыларына арналған баспасөз брифингі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.30-да «Ақ-бұлақта» «Тиімді саясат және қылмыстық іс өндірісінің заманға сай моделі - азаматтардың конституциялық құқығы қорғаудың кепілі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында 2020 жылы мүлік пен кірісті жалпы декларациялауға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 15.00-де «Қоғамдық келісім» ғимаратында Ақмола облысы әкімі жанындағы отбасылық-демографиялық саясат және әйелдер істері бойынша комиссияның отырысы өтеді.

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай