Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда 31 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 30 қазан 2019 20:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 31 қазан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Нұр-Сұлтан

9.00-де Astana IT-университетінде оқушылар арасында робототехникадан «IITU Robocon Games» бесінші республикалық чемпионаты өтеді.

10.00-де АХҚО Сотында «Moot Court» студенттер байқауының финалы өтеді.

10.00-де М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің 2019 жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелері туралы алқа отырысы өтеді.

12.00-де Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» АҚ бірыңғай жиынтық төлем аудару туралы қоғамдық тыңдау өткізеді.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің таныстырылымы өтеді.

15.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

16.00-де Оқушылар сарайында Алаш қайраткерлері, ұлт ағартушылары Сұлтанбек Қожанұлы, Хайретдин Болғанбай, Асылбек Сейіт, Телжан Шонанұлының 125 жылдығына арналған «Ұлылыққа тағзым» тарихи-танымдық шарасы өтеді.

16.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жылыту кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

17.00-де «Қазақстан» қонақ үйінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы дөңгелек үстел өтеді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: БАҚ, Қоғам,
Жоғары қарай