Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қазақстанда 28-30 наурыз аралығында күн жылынады

2020 жылдың 27 наурыз 2020 17:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 28-30 наурызда Қазақстанда күн жылынады деп болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Демалыс күндері скандинавиялық антициклонның арқасында Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз, түнде салқын, әсіресе республиканың солтүстік-шығысында температура нөлден аспайды және -2…-17°С арасында болады. Күндіз ауа температурасы солтүстікте +1…..+13°С, оңтүстікте +15….+28°С-қа жетеді.

Солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, шығыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда жауын-шашын мол көлемде жауып, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел соғады», - делінген хабарламада.


Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай