Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 270 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе алды

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 09:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 270 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе алды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымға бірыңғай дистрибьютор – «СҚ - Фармация» ЖШС тұмауға қарсы вакцинаның 2 526 754 дозасын сатып алды. Бұл республиканың жалпы тұрғындарының 13 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, медицина қызметкерлер, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы жеткіншектер вакцинациямен бірінші кезекте қамтылады.

«Бүгінде шамамен 270 мың адам немесе халықтың екпе алуға жататын санатының 10,5 пайызы екпе алды», - деді Алексей Цой.


Жоғары қарай