Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда 25 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 24 қазан 2019 21:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 25 қазан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.30-да EXPO аумағының С 3.5 павильонында денсаулық сақтау саласындағы Digital Health жоғары технологиялар көрмесі мен халықаралық конференция басталады.

Сағат 09.30-да Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Жастар жылы» аясында республикалық «Үміт» әуесқой студенттік театрлар фестивалі ұйымдастырылады.

Сағат 10.00-де Ақордада Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенконың Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында жиын өтеді.

Сағат 10.00-де ЭКСПО аумағында Digital bridge форумы аясында Accenture компаниясының Қазақстан мен Орталық Азия бойынша атқарушы директоры Антон Мусин «Тікелей эфир: Podcast: корпорациялар мен өнеркәсіптің дамуына технологиялық тенденциялардың әсері» панельді пікірсайысында сөз сөйлейді.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК республикалық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізеді.

Сағат 10.00-де ҚР Ұлттық әскери-патриоттық музейінде «Жастар жылына» орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен Елордамыздағы жалпы орта білім беретін ММ-дің «Жас сарбаздықтарының» қатысуымен «Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасының салтанатты жабылу шарасы өтеді.

Сағат 10.00-де Назарбаев Университетінің Медицина мектебі базасында Астана Декларациясының қабылдануының бір жылдығын тойлауға арналған дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 10.30-да «Аланда» қонақ үйінде «Жаңа медиа, Орталық Азиядағы жаңа шақырулар» панельді пікірталас өтеді.

Сағат 11.00-де №67 мектеп-гимназиясында «Менің эко өмір мектебім» бірлескен бастамасы аясында баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Сағат 11.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде алғаш рет еуропалық стандартқа сай топырақ зерттеу лабораториясы ашылады.

Сағат 14.30-да ЕҰУ-да VII тарихшылардың «Жошы ұлысы тарихының мәселелері» Ұлттық конгресі өткізіледі.

Сағат 16.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәдениет, спорт және туризм саласындағы жобалар туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 17.00-де Қазақ Ұлттық өнер университетінде Кенен Әзірбаевтың 135 жылдық мерейтойына арналған «Әнім қалсын» атты салтанатты концерті басталады.

Сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерттік залында эстрада әншілерінің қатысуымен «VOICE OF NUR-SULTAN» халықаралық фестивалі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де Rixos қонақ үйінде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтеді.

Сағат 09.00-де Rixos Almaty қонақ үйінде Бірінші Орта Азиялық урология конгресі (CACU) өз жұмысын бастайды. Бұл шара Халықаралық урология қоғамы (SIU), Ресей урология қоғамы (Иран), Иранның урология қауымдастығы (IUA), Түрік урология қауымдастығы (TUA) өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көрнекті қазақ мемлекет қайраткерінің 125 жылдығына арналған «Қазақстан экономикасы мен мәдениетін дамытудағы Т.Рысқұловтың рөлі мен рухани мұрасы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Сағат 11.30-да бокс кеші қарсаңында Арбатта Қанат Исламның, ұйымдастырушылар мен боксшылардың қатысуымен баспасөз мәслихаты, сонымен қатар турнирге қатысушыларды салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінде суретші, ұстаз Жұмаділхан Керімбектің «Ауыл - ел бесігі» мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуы болады.

КӨКШЕТАУ

Сағат 15.00-де «Достар» МС «Ұшқын Көкшет» кəсіби волейбол командасының тұсаукесері өтеді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай