Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда 17 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 20:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

10.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді.

17.00-де Нұр-Сұлтан қалалық сотында «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу аясында жасыл қорды дамыту келешегіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер – Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов.

10.30-да ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақ мемлекеттік циркінің директоры, мәдениет қайраткері, театр сыншысы Нұрбақыт Бөкебаевтың «Қазақстандағы цирк өнерінің дамуы» монографиясының тұсаукесері өтеді. Монография қазақ циркінің 50 жылдығы қарсаңында жарық көрді.

12.00-де Достық үйінде Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жемқорлықтың алдын-алу жұмыстары, іске асырылған жобалар мен бастамалары, жобалық кеңселер жұмысының нәтижелеріне арналған қорытынды есеп беру кездесуі өтеді.

12.00-де «Нұр Отан» ғимаратында республикалық «Жолдағы қабылдау» акциясы аясында Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық, шетелдік автомобильдер туралы баптарға қатысты брифинг өткізеді.

16.00-де Алматыдағы республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер орталықтарының бірыңғай ашық есік күні өтеді. Іс-шара барысында еріктілердің мақсаттары мен міндеттерін түсіндіретін Тұжырымдама таныстырылады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай