Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етіп жүр

2021 жылдың 22 маусым 2021 14:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 15 668 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттың ішінде мынадай санаттар бар:

бірінші санат – 667 (басшылар және олардың орынбасарлары)

екінші санат – 3 260 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).

Тартылған жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 592 адам және 517 адам.

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 825 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 807 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 782 жұмыс беруші бар.

Онда шамамен 483 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - жалпы жұмысшылар санының 97 пайызы.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер: Қытай – 3 689 адам, Өзбекстан – 1 887 адам, Түркия – 1 679 адам, Үндістан – 1 090 адам, Ұлыбритания – 959 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді.

2021 жылы квота мөлшері - жұмыс күшіне шаққанда 0,31% немесе 29,3 мың.


Жоғары қарай