Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қазақстанда 1200-ден астам адам 42,5 мың теңге көлемінде көмек алды

2020 жылдың 31 наурыз 2020 21:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 1 200-ден астам адам 42 500 теңге көлемінде көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Табысынан айырылған 1205 адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа әлеуметтік төлемді алды.

31 наурыз сағат 18-дегі жағдай бойынша, табыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауға жалпы алғанда 11115 адам жүгінген. Оның ішінде:

– Нұр-Сұлтан – 3885;

– Алматы – 3575;

– Шымкент – 80;

– Ақмола – 121;

– Ақтөбе – 206;

– Алматы – 125;

– Атырау – 10;

– ШҚО – 27;

– Жамбыл – 237;

– БҚО – 50;

– Қарағанды – 261;

– Қостанай – 1772;

– Қызылорда – 111;

– Маңғыстау – 9;

– Павлодар – 481;

– СҚО – 14;

– Түркістан – 151.

Төлемді 1 205 адам алды.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем мөлшері - айына 42,5 мың теңге.

Ол мына санаттағы азаматтарға тағайындалады:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұдан әрі – БЖТ);

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын адамдар, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған жеке тұлғалар кіреді.

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін жұмыс берушілер өтінішпен қызметкерлердің тізімін ғана ұсынады; ЖК, ЖП, АҚС және БЖТ төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек өтініш береді.

Сондай-ақ, қызметкер жұмыс берушінің өтініш беруін күтпей-ақ өтінішті өзі бере алады.

Сонымен бірге барлық өтініш берушілер төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірістерді жоғалту фактісінің дұрыстығы үшін өзіне жауапкершілік алады.

Өтініш «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық форматта беріледі.

Әлеуметтік төлем тағайындау үшін қызметкердің (ЖК және ЖП дербес) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (АҚС үшін – БЖЗҚ-ға жарналар) соңғы 12 айда кемінде 1 рет әлеуметтік аударымдар жасауы жеткілікті болады.

МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемді тағайындауға үміткер азаматтарға әлеуметтік аударымдар немесе зейнетақы жарналарының бар-жоғын дәлелдеудің қажеті жоқ, бұны автоматты түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тексереді.

Өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі қысқартылды, 3 жұмыс күнін құрайды.


Жоғары қарай