Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда 10 тамыз Абай күні болып белгіленді

2020 жылдың 5 тамыз 2020 17:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

«22-1. Абай күні – 10 тамыз».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин




Жоғары қарай