Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда 10 күн ішінде 1635 заңсыз қоқыс орыны жойылды

2020 жылдың 22 шілде 2020 16:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев заңсыз қоқыстарды тастауға жол бермеу және оны жою бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз әкімдіктермен бірлесіп ғарыштық мониторинг барысында анықталған Қазақстан бойынша барлық заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді жоюды бастадық. Біздің тапсырыс бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» мониторинг жүргізді. Ол 50 шақырым радиустағы ірі қалалардың маңындағы аумақты қамтиды. Бүгінгі күні еліміздің барлық өңірлерінде жеті жарым 7,5 мыңнан астам қоқыс орындары анықталды. Біз әкімдіктермен бірлесіп оларды жою жөніндегі жоспар жасадық. Тек соңғы 10 күн ішінде 1635 заңсыз қоқыс орыны жойылды. Бұл жалпы санның 20 пайызын құрайды», - деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Қарағанды және Атырау облыстарында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Екіншіден, министрлік өткен аптада әрбір өңірдегі заңсыз қоқыс орындары бойынша тұрғындардан ақпарат жинау үшін «жедел желі» жүйесін қосты. Экранда тиісті ақпаратты жіберуге болатын ватсап телефон нөмірін (8-777-595-24-90) көре аласыздар. Алғашқы 5 күн ішінде «жедел желіге» заңсыз қоқыстар жайлы екі жүз жиырма үш (223) хабарлама келіп түсті. Үшіншіден, Ішкі істер министрлігімен, қоғаммен, еріктілермен және журналистермен бірлесіп, біз заңсыз қоқыс орындары бойынша ауқымды қоғамдық рейдтер жүргізе бастадық. Осы дүйсенбі күні, мысалы, елорда маңындағы заңсыз қоқыс орындарына рейд жүргізілді. Осындай рейдтер барлық өңірлерде жүргізілетін болады. Олардың нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде үнемі хабарлайтын боламыз», - деді ол.


Жоғары қарай