Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Қазақстанда 1 660-тан астам адам 42,5 мың теңге көлемінде көмек алды

2020 жылдың 1 сәуір 2020 19:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 1 660-тан астам адам 42 500 теңге көлемінде көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 1 669 адам жаңа әлеуметтік төлемді алды.

1 сәуір сағат 18-дегі жағдай бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындауға жалпы алғанда 14 074 адам жүгінген. Оның ішінде:

– Нұр-Сұлтан – 3 885;

– Алматы – 4 121;

– Шымкент – 80;

– Ақмола – 126;

– Ақтөбе – 226;

– Алматы – 523;

– Атырау – 14;

– ШҚО – 31;

– Жамбыл – 546;

– БҚО – 105;

– Қарағанды – 404;

– Қостанай – 2 892;

– Қызылорда – 208;

– Маңғыстау – 71;

– Павлодар – 575;

– СҚО – 45;

– Түркістан – 222.

Төлемдер 1 885 адамға тағайындалып, 1 669 адам алды.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем мөлшері айына 42,5 мың теңге (ең төменгі жалақы), ол келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады: орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері; жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор); бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер; нысанасы жұмыстарды орындау болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын адамдар, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған жеке тұлғалар кіреді. карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін жұмыс берушілер өтінішпен қызметкерлердің тізімін ғана ұсынады; ЖК, ЖП, АҚС және БЖТ төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек өтініш береді.

Сондай-ақ, қызметкер жұмыс берушінің өтініш беруін күтпей-ақ өтінішті өзі бере алады.

Сонымен бірге барлық өтініш берушілер төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірістерді жоғалту фактісінің дұрыстығы үшін өзіне жауапкершілік алады.

Өтініш «Электрондық үкімет» порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық форматта беріледі.

Әлеуметтік төлем тағайындау үшін қызметкердің (ЖК және ЖП дербес) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (АҚС үшін – БЖЗҚ-ға жарналар) соңғы 12 айда кемінде 1 рет әлеуметтік аударымдар жасауы жеткілікті болады.

МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемді тағайындауға үміткер азаматтарға әлеуметтік аударымдар немесе зейнетақы жарналарының бар-жоғын дәлелдеудің қажеті жоқ, бұны автоматты түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тексереді.

Өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі қысқартылды, 3 жұмыс күнін құрайды.


Жоғары қарай