Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қазақстан жастарын мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

2019 жылдың 5 наурыз 2019 20:51

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы көктемде Қарулы Күштерге, Қазақстан Республикасының өзге де әскерлері мен әскери құрылымдарына 18-27 жас аралығындағы азаматтарды шақыру жоспарланған.

Оның қарсаңында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармалардың бастықтарымен семинар өткізіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Мәлім болғандай, биыл мерзімді әскери қызметтен жалтаруға әрекет ететін тұлғалар заңнама деңгейінде ерекше қадағаланады.

Еске сала кетейік, биыл 1 наурыздан бастап 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 ақпандағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2019 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» №840 Жарлығына сәйкес, шақыру жөніндегі және медициналық комиссиялар жас шақырылушыларды сапалы іріктеуге кірісті.

Жасақтау кезінде бұған дейінгі қағида назарға алынады. Яғни, шақырылушы әскери қызметін өткеру үшін басқа аймаққа жіберіледі. Әскер қатарына толықтырылатын жас азаматтарды іріктеу және әскери бөлімдерге таратып үлестіру кезінде олардың шақырылымға дейін алған мамандықтары ескеріледі.




null

Жоғары қарай