Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан жанар-жағармай импортына салынған тыйымды ұзартты

2020 жылдың 15 шілде 2020 14:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан жанар-жағармай материалдарының импортына салынған тыйымды ұзартып отыр. Бұл шара – уақытша әрі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін күшінде болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

««Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Энергетика министрінің осы жылдың 27 наурызындағы бұйрығын уақтылы бекіту - өндірілетін және тұтынылатын мұнай өнімдерінің көлемі арасындағы ыңғайлы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бүгінгі таңда ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің қорлары едәуір жоғары деңгейде», - деп хабарлайды министрліктен.

Қосымша импорттық отын көлемі түсетін болса, бұл отандық мұнай өңдеуге кері әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда:

- қазақстандық МӨЗ-ден мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту көлемін төмендетуі ықтимал;

- зауыттық резервуарлық парктердің, сондай-ақ елдегі барлық мұнай сақтау базаларының толып кетуіне әкеледі;

- соның салдарынан, мұнай өңдеуді мәжбүрлі түрде төмендетуге әкеп соғады. Бұл дизель және авиациялық отын сияқты мұнай өнімдерінің басқа да бағалы түрлерін өндіруді төмендетуге алып келеді.

«Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасына теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен бензин, авиациялық және дизель отынын әкелуге тыйым салуды енгізуде. Бұл шара уақытша екенін, әрі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылатынын атап өткен жөн», - деп қайталады министрліктен.


Жоғары қарай