Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан Вашингтонда өткен діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты

2021 жылдың 16 шілде 2021 13:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13-15 шілде аралығында Вашингтон қаласында (АҚШ) Діни бостандықтың халықаралық саммиті өтті. АҚШ-тың халықаралық діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі комиссиясы - оның басты ұйымдастырушысы, ал АҚШ конгресі - тең төрағасы болды.

Аталған іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов қатысты.

Саммит барысында Е. Нүкежанов Қазақстан елдегі конфессияаралық келісімді қолдауға және діндарлардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы салада АҚШ-пен әріптестікті дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті.

Саммит аясында Е.Нукежанов іс-шараны ұйымдастырушылары АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық діни бостандық жөніндегі ерекше тапсырмалар бойынша бұрынғы елшісі Сэм Браунбекпен және Лантос адам құқықтары мен әділеттілік қорының президенті Катрина Лантос Свитпен кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік департаменттің халықаралық діни бостандық басқармасының директоры Дэниэл Наделмен және АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Нури Тюркельмен келіссөз жүргізілді.

Бұдан басқа, Дін істері комитеті мен АҚШ-тың «love Your Neighbor Community» үкіметтік емес ұйымы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум діни бірлестік өкілдері мен мемлекет арасында діни бостандықтарды іске асыру және адамның негізгі құқықтарын сақтау мәселелерінде диалогты жетілдіруге мүмкіндік береді.



Жоғары қарай