Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстан Украинаға айына 140 мың тонна көмір жеткізбек

2019 жылдың 31 қазан 2019 17:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Украинаға айына 140 мың тонна көмір жеткізбек. Бұл туралы ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олқылық болды, бұған дейін толық жеткізе алмадық. Ал қазір толық жеткізгіміз келеді. Премьер-Министр барып, уағдаласты. Жылдамдататын боламыз. Қазір вагон болса болғаны. Бұл ең бастысы, тапсырыс береміз. Келіссөздер жүргізген тамыз айында айына 80 мың тонна деп жоспарлаған едік. Өкінішке орай іркіліс болды. Енді қарқынды күшейтіп, жоспарға жету ойымызда бар», - деді комитет басшысы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, қазақстандық көмір Украинаның Кривой Рог қаласындағы Арселор Миталл зауытына жеткізіледі.

«Біз оларды қамтамасыз етуіміз қажет. Енді көлемін ұлғайтқымыз келіп отыр. Жыл соңына дейін 140 мың тоннадан жеткізетін боламыз», - деді Қ.Байытов.

Жоғары қарай