Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан түрмелерінде маска тігіле бастады

2020 жылдың 20 наурыз 2020 21:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның түзеу мекемелерінде медициналық маскалар тігіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап өтілгендей, Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев полицейлерді қорғаныс маскаларымен қамтамасыз ету үшін қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) түзеу мекемелеріндегі өндірістік базаны пайдалануды тапсырды. Осыған орай, ҚАЖ-дың «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қорғаныс құралдарының үлгілерін әзірлеген. Тиісті сертификат та алынған. Стандартқа сәйкес өнім материалы гипоаллергенді саналады. Шаңнан қорғайды, инфекциялық аурулардың жұғу мүмкіндігін азайтады.





«Қазір бүкіл жеке құрам ерекше режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Медициналық қызметкерлермен бірге карантин шараларына белсенді араласуда. Кезекшілікке күн сайын 12 мыңға тарта полицей мен Ұлттық ұлан сарбазы түседі. Олардың әрбірінің өмірі мен денсаулығы маңызды. Осыған байланысты түзеу мекемелеріндегі тігін цехтарында қорғаныс маскаларын тігіп бастауды тапсырдым. Маскалар осыған дейінгі өзге де қажетті өнімдермен бірге тігіле береді. Осылайша, бір жағынан маскаға деген сұранысты азайтсақ, екіншіден сотталғандардың жұмысқа орналасып, еңбектенуіне мүмкіндік туады», - дейді Ерлан Тұрғымбаев.




Қазіргі таңда қылмыстық-атқару жүйесіндегі түзеу мекемелерінің алаңдарында мыңға тарта тігін станогы бар. Бірреттік және көпреттік маскаларды тігу жолға қойылған. Оларды ішкі істер органдарының қызметкерлері пайдаланады.




24 мың маскадан тұратын алғашқы партия бас бостандығынан айыру мекемелерінде отырған адамдар мен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне беріледі. Бүкіл ел бойынша өндірістік қуаттылық – тәулігіне 50 мың маска болмақ.








Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Коронавирус, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай