Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан туристік қауымдастығы: Ирандағы оқиғалар БАӘ-ге туристер легінің төмендеуіне әсер етпеуі мүмкін

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 19:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иран төңірегіндегі оқиғалар қазақстандық туристердің алаңдаушылығын тудырып отыр. Бұл жайында Қазақстан туристер қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, Біріккен Араб Әмірліктеріне саяхаттауға ниеттеніп отырған қазақстандықтарды Азаматтық авиация комитетінің отандық әуе компанияларына Иранның әуе кеңістігінен ұшып өтпеуге кеңес беруі алаңдатып отыр.

«Дәл осы кезеңде Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстаннан баратын саяхатшылар үшін ең танымал бағыттардың бірі саналады. Қазақстандықтар бұл бағытта саяхаттауды жақсы көреді, ол жаққа баратын саяхатшылар легі өте жақсы. Әрине, әрбір адам үшін сапардың қауіпсіз болуы бірінші кезекте тұрады. Қазірдің өзінде турфирмаларға осы бағыттарға туристік сапар топтамасын сатып алған адамдар жүгініп, мұның қаншалықты қауіпсіз екендігін сұрап жатыр. Біздің міндет - егер әлеуетті туристер баратын жағында не болып жатқандығын білмесе, онда ақпарат беру. Біз барлығын нақтылап, толыққанды ақпарат беруге тиіспіз. Ал бару-бармау – бұл саяхатшының таңдауы», - деді Рашида Шайкенова.

Оны дерегінше, 2019 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында Әмірліктерге 133 мың қазақстандық саяхат жасаған.

«Жалпы, туристердің ең көп баратын маусымы қаңтар, ақпан, наурыз айларына тұспа-тұс келеді. Адамдар ол жақ ыстық болмай тұрған кезде барады. Яғни, маусымның ең шырқау шегінде саясатшылар легі бәсеңдеуі мүмкін. Әмірліктер бағытында қазақстандық екі әуе компаниясы Air Astana мен SСAT тұрақты рейстерді жүзеге асырады. Қазірдің өзінде Air Astana ұшақтарының Иран аумағынан айналып ұшып өтетіндігін хабарлады. SСAT-та солай жасайтын шығар. Сондықтан да саяси оқиғалар нашарлап кетпесе, бұл жайт БАӘ-ге туристер легіне әсер ете қоймас. Тек ұшу уақыты ғана ұзарады», - деді ол.


Жоғары қарай