Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан тоғыз айда Өзбекстаннан 8,9 мың көлік сатып алды

2020 жылдың 24 қазан 2020 20:40

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Биылғы 9 айда Қазақстан Өзбекстаннан 91,7 млн долларға 8 985 автокөлік импорттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 9 айында Өзбекстан шет елдерге жалпы соммасы 108,2 млн доллар болатын 11 135 автокөлік экспорттады. Жеңіл автомобильдердің экспорты 35,1 млн долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 47,9% көп. Сатылған автокөліктердің басым бөлігі Қазақстан (91,7 млн доллар), Әзербайжан (6,2 млн доллар), Украина (5,7 млн доллар), Ресей Федерациясы (2,2 млн доллар), Тәжікстан (1,1 млн доллар) және басқа да елдерге (1,3 млн доллар) тиесілі», - делінген Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің ақпаратында.


Автор Әлихан Асқар
Басты сөздер: Әлем, Өзбекстан,
Жоғары қарай