Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан тікұшақтары Түркия Республикасына жетті

2021 жылдың 11 тамыз 2021 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында 11 тамыз сағат 13.25-те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару тобы Даламан қаласына жетті.

Оның құрамында 2 Ми-8 АМТ тікұшағы және орман өрттерін сөндіруге тартылған 16 құтқарушы бар.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

«Түстен кейін өрт сөндіру орындарында барлау мақсатында ұшу жоспарланған. Одан әрі Қазақстанның ТЖМ жеке құрамы Түркия Республикасы ТЖМ жедел штабының қарамағында өрт сөндіру жұмыстарына кіріседі»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Қазақстанның Түркиядағы өртті сөндіруге тікұшақтар жібергені хабарланды.


Жоғары қарай