Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан тағы бір қытайлық вакцинаны сатып алуды жоспарлап отыр – Алексей Цой

2021 жылдың 28 шілде 2021 20:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан коронавирусқа қарсы тағы бір қытайлық вакцина сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір қытайлық жаңа вакцинаны сатып алу жоспары тұр, оны әріптестерімізбен пысықтап жатырмыз және вакцинаны ДДСҰ аккредиттеуден өткізеді. Сондықтан біз үшін вакцинаны мүмкіндігінше тезірек ел ішіне жеткізу өте маңызды. Сондықтан қайта бөлінген кезде нақты келісімшарттар жасалады, оның сомасын сіздерге жариялаймыз. Қазір келісімшартқа қол қою кезеңі жүріп жатыр», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, 2021 жылға вакцина сатып алу үшін 95 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған.

Соның 61 млрд теңгесі вакциналар мен оны егуге қажет шприц алу үшін жұмсалды.

Сонымен бірге, Жамбыл облысында QazVac өндіретін зауыт жұмысын бастады.


Жоғары қарай