Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Қазақстан шекарасынан заңсыз түрде ірі көлемде темекі өткізбек болғандар ұсталды

2020 жылдың 6 маусым 2020 13:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 5 маусымда Қазақстан шекарашылары Солтүстік Қазақстан облысындағы «Жаңа жол» автомобиль пунктінде Қазақстанға ірі көлемде темекі өткізбек болғандардың жолын кесті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұйымдастырушылар заңсыз кіргізу үшін 15 мың қорап темекіні «СDEK» почталық компаниясы жүгінің астына жасырған. Темекінің құжаттары мен акциздік маркалары жоқ. Бұл іс және тәркіленген темекі партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда шекарадағы өткізу бекетінде акциз маркалары жоқ темекі өткізбек болғандардың бірнеше мәрте жолы кесілгендігі айтылады.


Жоғары қарай