Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Қазақстан Президенті «Astana Ceramic» ЖШС-не барды

2020 жылдың 29 мамыр 2020 16:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында керамикалық тас пен кірпіш өндіретін «Astana Ceramic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президентке аталған жобаға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы айтылып, құрылыс материалдарын өндіру технологиясы таныстырылды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі құрылыс индустриясының дамуы және Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылуы жайында баяндады.

Мемлекет басшысы аймақтағы құрылысты сапалы салудың, барлық инфрақұрылымдық жобалар мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.



























Жоғары қарай