Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Қазақстан Президенті Алик Шпекбаевты қабылдады

2019 жылдың 24 наурыз 2019 15:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы атқарған жұмыстары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылдаған шаралары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына агенттіктің мемлекеттік органдардағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстары және мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін реформалау барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай