Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қазақстан полициясы ерекше қызмет режіміне көшті

2020 жылдың 14 наурыз 2020 17:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ басшылығының, оның қызметтерінің, сондай-ақ полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің және Министрліктің оқу орындары басшыларының қатысуымен бейнеселекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңеске ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов шақырылды, ол коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары туралы айтты.

ІІМ басшысы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылғанын атап өтті. Құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді, полиция мен Ұлттық ұланның жаяу жасақтары көбейтілді, сондай-ақ стратегиялық және аса маңызды мемлекеттік объектілерді күзету күшейтілді. Көп адамдардың қатысуымен өткізілетін кездесулер мен іс-шаралар тоқтатылды, қызметкерлердің шетелге шығуы мен қызметтік іссапарлары шектелді. – Барлық деңгейде ІІМ қызметтері мен бөлімшелерін Денсаулық сақтау органдарымен жедел және нақты үйлестіруді қамтамасыз ету қажет. Полиция қызметкерлері, құтқару қызметі және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қазірдің өзінде карантиндік іс-шаралар кезінде медициналық қызметтерге толық және жан-жақты көмек көрсетуде. Бұл ретте коронавирустық жағдайы қолайсыз елдерден келген азаматтарды медициналық мекемелерге алып жүруді жүзеге асыруда, – деді Ерлан Тұрғымбаев.





Жоғары қарай