Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

​​Қазақстан пандемияға қарамастан шетелдегі қандастарды оқуға қабылдайды

2020 жылдың 3 маусым 2020 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде «Биыл қандас жастарды Қазақстанға оқуға қабылдамайды» деген ақпарат тараған еді. «Отандастар қоры» бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы орайда «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ және «Отандастар қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі №199 қаулысына сәйкес 2020-2021 оқу жылына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1300 орын бөлінгенін хабарлайды», делінген Отандастар қоры таратқан ақпаратта.

Қор үміткерлерден құжаттарды қабылдау туралы ақпаратты қабылдау ережесі бекітілгеннен кейін қосымша жолдайтынын жеткізді.

Нақты ақпарат алу үшін қордың телефонына хабарлуға болады:

1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін);

800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін);

+7 (7172) 981404 (барлық Қазақстандағы қала қоңыраулары үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген бағамен);

8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлама мен қоңырау үшін).

Сондай-ақ, қордың әлеуметтік желідегі парақшаларынан (Facebook, Instagram, Twitter, Telegram) кеңес алуға болады.


Басты сөздер: ЖОО-лар, Қандастар, Білім,
Жоғары қарай