Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан өңірлерінде вакцинаның қанша дозасы бар

2021 жылдың 14 мамыр 2021 16:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1 790 356 адамға коронавирус вакцинасының бірінші компоненті егілді. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакциналау тақырыбына тоқталсақ, Қазақстанда 1 790 356 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны – 722 504. Бүгінгі таңда аймақтарда 798 мың дозадан астам вакцина бар», - деді М. Смағұл.

Оның айтуынша, қажеттілікті ескере отырып, егу пунктерінің артып келеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 14 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. https://www.inform.kz/kz/koronavirus-soltustik-kazakstan-zhasyldan-sary-aymakka-otti_a3787755

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Коронавирус, Вакцина,
Жоғары қарай