Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Түркия Түркістан облысында ветеринария препараты мен вакцина өндіруге келісті

2020 жылдың 17 қазан 2020 20:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түркия Түркістан облысында ветеринария препараты мен вакцина өндіруге келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркия Түркістан облысында ветеринария препараты мен вакцина шығаратын зауыт салу туралы құжатқа қол қойылды.

Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров Түркияға жұмыс сапары аясында Адыяман қаласындағы «Vеtal Animal Health Products LTD» компаниясының өндіріс нысандарын аралады. Сапархан Омаров зауытта ветеринариялық вакцина, сарысужәне басқа да биопрепарат өндіру барысымен танысты.





«Сапардың қорытындысы бойынша Қазақстанның Түркия Республикасындағы елшісі Абзал Сапарбекұлы және Адыяман провинциясының губернаторы Махмұт Чухадардың қатысуымен қазақстандық «Vetal Kazakhstan» ЖШС және «Vetal Animal Health Products LTD» компаниясы арасында Түркістан облысында 2021 жылы өндіріс құру туралы инвестициялық жобаны іске асыру бойынша меморандумға қол қойылды», делінген хабарламада.

«Vetal Animal Health Products LTD» компаниясы 1991 жылы құрылған. Ұлыбританияның Pilbright, World Reference Institute және Panvac Reference Institute сияқты зертханалары сертификаттаған 45 түрлі вакцина шығарады. Аталмыш компания ветеринариялық вакцина, сарысу және түрлі биопрепарат өндіретін жалпы ауданы 28 мың шаршы метр заманауи зауытқа ие.





Компания өнімдері Түркия, Иран, БАӘ, Ирак, Пәкістан, Әзербайжан, Украина, Грузия, Франция және т.б. елдерінде қолданылады.

Қазақстанда жүзеге асырылатын жобаның жалпы құны 60 млн АҚШ доллары. Бірінші кезеңде 7 млн АҚШ долларына малды емдеу және алдын алу үшін ветеринария препараттары мен вакциналар шығаратын зауыт салу жоспарланған. Жаңа кәсіпорында 75 жұмыс орны құрылады деп болжанып отыр. Болашақта зауыттың өндірістік қуатын және жұмыс орындарының

Жоғары қарай