Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Түрікменстан 2021-2023 жылдарғы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

2021 жылдың 18 ақпан 2021 23:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередов бейнеконференция режимінде СІМ-аралық консультация өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзекті мәселелерін талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі қарастырылды.

«Өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасылды. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері форматындағы диалогты дамытуға ерекше назар аударылды.





Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды», - деді министрліктен.








Жоғары қарай