Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстан мен Сингапур Алматы облысындағы жаңа мегаполисті бірге дамытады

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысындағы G4 City – жаңа қаласын дамытудың жаңартылған шеберлік-жоспарымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Мегаполис Алматы – Қапшағай трассасының бойында орналасады және төрт ауданнан тұрады: Gate District – іскерлік және қаржы орталығы, Golden District – білім және медициналық хаб, Growing District – өнеркәсіптік және логистикалық хаб, Green District – туризм және ойын-сауық.

G4 City-ге арнайы экономикалық аймақ мәртебесі беріледі. Халықаралық әуежай салып, Сингапурмен тікелей әуе қатынасын ашу жоспарда бар.




G4 City Орталық Азияның жаңа экономикалық хабына айналып, Қазақстан экономикасына түсетін шетелдік инвестициялардың одан әрі өсуіне елеулі серпін береді деп күтіліп отыр.

2050 жылға қарай мегаполис аумағында 2,2 млн адам тұрып, 1 млн-нан астам жұмыс орны қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта Gate District-те магистралдық инженерлік желілер жүргізілген, «Қоянқұс» тұрғын ауданы салынып жатыр.

3,5 жыл ішінде кемінде 300 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

G4 City-ді дамытумен сингапурлық «Surbana Jurong Group» мемлекеттік компаниясы айналысады.

Бұл - қалалар мен инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша Азиядағы ең ірі корпорациялардың бірі.

Ол Сингапурдың Temasek Holdings тәуелсіз қорына тиесілі, оның 16 мың қызметкері бар, әлемнің 40 елінде қызмет көрсетеді.

Компания Сингапурда 1 млн-нан астам үйді дамытумен айналысты, 30 ел үшін бас жоспар әзірледі, 100-ден астам индустриялық парктерді жобалады.




Таныстырылым қорытындысы бойынша қазақстандық «Caspian Group» АҚ компаниясы мен «Surbana Jurong Group» арасында G4 City жобасын іске асыруда ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы келісімге қол қойылды.


Жоғары қарай